30.05.2016 в 21:22

Шырайлы Шымкент - балғындар шығармасына арқау

Шымкент қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында  «Шырайлы Шымкент» республикалық эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау жиыны өтті. Қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен естелік диплом тапсырып, барлық қатысушыға алғысын айтты.

Жеңімпаздар тарихи орындарды тегін аралау мүмкіндігіне ие. Мәдени шараға тамызық болған тақырып - қала сәулеті. Оқушылар арасынан озық ой иелерін іріктеген республикалық жарыс нәтижесінде 20 жас ерек шықты. Биылғы наурыздың 30-ы күні басталған байқау оқушыларды ұлтжандылыққа үндейді. Сайысқа 311 жоба келіп түсті. Қазылар шешімімен 9 облыстан 10 оқушы, өз өңірімізден жалпы 10 балғын жеңіс тұғырынан көрінді. Марапаттау соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ұшқыр қиялды балғындар үшін Шымкент қаласының көрікті жерлері мен тарихи орындарына тегін саясат ұйымдастырылады