30.05.2016 в 21:29

Шымкенттік мерейлі отбасы анықталды

Шымкентте «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының бірінші кезеңі қорытындыланды. Осымен дәстүрлі түрде үшінші рет ұйымдастырылған байқауға барлығы 25 отбасы қатысып, бақ сынады. Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия Әбдірахман Шалқарбеков пен Шаймерден Есенкелдиевтердің отбасыларын жеңімпаз деп таныды. Салтанатты марапаттау шарасы «Оқушылар сарайында» өтті.

 Іс-шараның мақсаты – отбасы институтын, өзара келісім мен рухани сыйластықты нығайту, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын дәріптеу. Отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіру, әсіресе, жастарға жеткізу, жарасымды жанұя құндылығын кеңінен насихаттау болып табылады.

 Байқаудың бірінші кезеңі, яғни, қалалық деңгейде жеңімпаз деп танылғандар облыстық кезеңде бақ сынайтын болады.