Жұмыс сапары барысында министр мырза «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, ондағы тоқыма және тігін желісінің технологиялық процесімен танысты. Қазір арнайы экономикалық аймақта 27,8 млрд. теңгені құрайтын 10 өндіріс орны жұмыс жасауда. Сондай-ақ, мұнда инвестиция құны 151,6 млрд. теңге болатын және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орын ашу мүмкіндігі бар 13 жоба салынуда. Олар негізінен мата, гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасын, арнайы киімдер, униформалар, ұйық-шұлық және кілем бұйымдарын, қағаз картонын және т.б. шығаратын кәсіпорындар болмақ.
Министр сонымен бірге Шымкент қаласындағы осы жылы салынған «Тассай» индустриалдық аймақтың алдағы іске асырылатын жобаларымен танысып, өңірдегі алғашқы дисктік бекітуші тетіктер шығаратын «Karlskrona LC AB» зауытында болды. Осы күні жұмысшы топ жылына 8 мың тонна кондитер бұйымдарын шығаратын «Рахат-Шымкент» фабрикасын аралап көрді. Мұнда 150 адам жұмысқа орналастырылған.