Қасиетті Рамазан айында қайрымдылық акциясы жалғасын тауып жатыр. Бүгін Еңбекші аудандық әкімдігі демеушілердің көмегімен 300 отбасына азық-түлік себетін сыйлады,-деп хабарлайды otyrar.kz. Әлеуметтік себет ұн, май, шай, шекер сынды алғашқы қажетті азықпен толтырылған. Кәсіпкерлердің көмегін алған әлеуметтік аз қамтылған жанұялар алғысын білдіріп жатты. Айта өтейік, аудан бойынша 800 отбасы әлеуметтік көмекке зәру. Олардың әрқайсысына жылына екі рет азықпен көмек беріледі екен.