15.06.2016 в 14:48

Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

Қала әкімдігінде өткен алқалы жиында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қалалық білім бөлімінің жаңа басшысын таныстырды. Ол – Жанат Арысбекқызы Тәжиева. Бұған дейін Жанат Арысбекқызы Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне жетекшілік жасап келген еді.

Жанат Арысбекқызы Тәжиева - 30 жыл ғұмырын білім саласына арнаған тәжірибелі маман. Еңбек жолын орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. Біраз уақыт ОҚО білім департаментінде, мұнан кейін 5 жыл бойы қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

Мәжілісте Шымкент қаласының әкімі жаңа басшының алдағы қызметіне сәттілік тілеп, қаланың білім беру саласын жоғары жетістіктерге жеткізетініне сенім білдірді.