16.06.2016 в 21:44

МҮЛІК ЖАРИЯ ЕТУ МҮМКІНДІГІН ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗ

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға Мемлекет басшысымен  2014 жылғы 30 маусымда  қол қойылғаны бізге мәлім, ол 2014 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енген болатын. Осы заңға 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V ҚРЗ өзгерістер енгізілді.Осы заңда көрсетілгендей құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті Сіз жергілікті Әкімшілікке барып жария ету арқылы заңды рәсімдеуге мүмкіндігіңіз бар. Ал егерде Сіздің мүлігіңіз басқа тұлғаға немесе жария ету субъектіне рәсімделген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан болса (ақшадан басқа) Сіз жеңілдетілген жолмен арнайы декларацияны тұрғылықты жеріңіздегі Мемлекеттік кірістер басқармасына табыс ету арқылы, заңдастырып алуыңызға болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға рәсімделген мүлікті де (ақшадан басқа) арнайы декларацияда көрсетілген мүлік құнының он пайызы мөлшерінде алым төленіп, декларацияны табыс еткен күннен бастап мүлігіңіз жария етілген болып саналады. Осы жерде қоса кететіні Сіз енді мүлігіңіздің құнын арнайы декларацияда өзіңіз көрсетесіз және декларацияны Мемлекеттік кірістер органдарына табыс еткен кезде құнын растайтын құжат талап етілмейтінін ескерген жөн.Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелерге келсек бұл жерде Сізге екі мүмкіндік бар 1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында екiншi деңгейдегі банкте, Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) және тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы, 2) екiншi деңгейдегі банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) – жария етілетін ақшаның сомасынан он пайыз алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы ақшаңызды заңдастыра аласыз. Яғни бірінші жағдайда алым төленбейді, тек шотқа аударылған жөнінде анықтама арнайы декларацияға қоса беріледі.Мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау заңына сәйкес Қазақстан азаматтарына бірдей артықшылық беріліп отыр. Біріншіден, кез-келген отандасымыз ақшасын, бағалы қағаздарын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін жария ете алады. Екіншіден, жария ету субъектілерінің меншік құқығына жататын, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар заңдастырылады. Үшіншіден, тиесілі емес тұлғаға рәсімделген құрылыстар мен ғимараттарға рақымшылық жасалады.Бірінші кезекте, мүлікті жария ету дегеніміз табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделмеген не тиісті емес тұлғаға рәсімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі екендігін атап өту қажет. Сонымен бірге, жария етілген капитал түрінде  экономикаға қосымша қаражатты тарту оның басты мақсаты болып табылады. Атап айтқанда, осы мүлікті жария ету науқаны Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегі мүлікті жария етуге және басқа тұлғаға рәсімделген мүлікті заңдастыруға өте ыңғайлы мүмкіндік беретініне назар аудару қажет деп санаймыз.Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылатындығын атап өткен жөн.Осылайша, мүлікті

жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

                    Мүлігіңізді заңдастырып алуға асығыңыз мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!!!