– Жоспардағы көшелер саны аз емес. Қолайсыз ауа райы болмаса біз жоспарланған жұмысты демалыссыз істейміз. Маусым айының 14 күні кезекті нысанымызды аяқтадық. Ол «Мейірімді» және «Алаш» базарының маңайындағы көшелер. Жалпы осы уақытқа дейін қаланың орталық көшелерін жөндеуден өткіздік. Атқарылған жұмыстар барысында бюджеттен бөлінген қаржының 150 миллион теңгесі толық игерілді, – дейді Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылбек Баймырзаев.
Айта кетерлігі, құрылыс материалдарының барлығы отандық өнімдер. Асфальт құрамына керекті қиыршық тас, битум және басқада тиісті ұнтақтардың бәрі жеткілікті.