Дегенмен, баяндамашы қаланың бірқатар гимназиялары тестілеу нәтижесінде жай мектептерден төмен көрсеткіш көрсеткенін жасырмады. Әсіресе, Қазақстан тарихы, география, биология, дүниежүзі тарихы пәндерінен білім сапасы айтарлықтай төмендегені байқалады. Сондай-ақ, қаланың 2 мектебінде ҰБТ тапсырған оқушыларының 25 пайызы шектік деңгейге жетпеген. «Алтын белгіге» үміткер 183 түлектің 96-сы ұстаздарының күткен үмітін ақтап шығыпты.
Осы орайда, қала әкімі гимназия және лицей дәрежесіне ие бола отырып, деңгейінің төмендігін байқатқан мектеп мұғалімдерінің біліктілігіне сараптама жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, Ғ.Әбдірахымов ата-аналар мен ұстаздар қауымын жоғары нәтижеге қол жеткізе алмаған балаларды моральдық жағынан кінәламауға шақырды.