Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңінде велосипед қолданушылардың жүруіне кедергі келтіретін Б.Момышұлы, Желтоқсан, Д.Қонаев даңғылы және Т.Назарбеков, С.Бәйтереков, Астана даңғылындағы велосипед қолданушылары үшін кедергілерлерді жою жұмыстары жүргізілуде.
Жобаның екінші кезеңі аясында веложол Ордабасы алаңы және Қазыбек би көшесі, сонымен қатар Желтоқсан көшесі мен Д.Қонаев даңғылы аралығында жалғасын табатын болады.
Жылдың соңына дейін аталған бағыттар бойынша арнайы веложол белгілері, велосипедтке арнаған орындар салыну жоспарланған.
Сонымен қатар бұл жылы шаһардағы Сайрам, Ш.Уәлиxанов, Т.Рысқұлов, С.Тұрысов көшелеріндегі аяқжолдарды велосипед жолына аустыру жоспарланған.