30.06.2016 в 19:40

Жамбыл облысында сұранысқа ие мамандықтар тегін оқытылады

Келер жылдан бастап Жамбыл облысында құрылысшыларды, автокөлік механиктерін, химия технологтарын тегін оқыту қолға алынады. Мұндай жұмысшы мамандарды дайындау «Жалпыға бірдей тегін кәсіби техникалық білім беру» жобасы аясында жүзеге асырылмақшы. Мәселен, Жамбыл политехникалық колледжі 4 жұмысшы мамандығын даярлау бойынша лицензияға ие болған. Оның ішінде өңірдегі көшбасшы сала –химия өндірісіне қажетті мамандар оқытылады. Бұл жаңашылдыққа ұстаздар да мықтап дайындалуда. Колледж базасында аймақтағы кәсіптік білім беретін ұстаздарға арналған тренингтер өткізіліп, «Кәсіпқор» холдингі арқылы шетелдік әріптестермен бірлескен жобалар бойынша сабақтар жүргізілуде. Қазіргі таңда оқу орнында білікті маман даярлауға қажетті материалдық-техникалық база жаңартылып, қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылуда. Жанар Орынбаева, колледж директоры: - Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында байқағанымыз, жұмысшы мамандығын алуға талапкерлердің қызығушылығы жоғары. Сондықтан, Елбасымыз айтқандай, жұмысшы мамандығын игеру арқылы өңірлердесұраныс бар жерлерге жұмыс атқаруға баруға дайындаймыз. «Серпін» бағдарламасы аясында экономика талаптарына сәйкес дайындау мақсатында жүргізіледі,- деп хабарлайды 24.kz.