Сонымен қатар қалалық мәслихат хатшысы Нурлан Бекназаров және ҚР Журналистер Одағының облыстық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарованың атынан бірқатар сый-сияпаттар табысталды. Шымкенттегі «Barvilla» мейрамханасында өткен салтанатты жиында қала әкімінің арнайы алғыс xатымен "ТВК" телеарнасы директорының орынбасары Ринат Хамидуллин, республикалық «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бұқарамен байланыс бөлімінің меңгеруші Жеңіс Баһадүр қатарлы бірқатар азаматтар марапатталды.