Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы 1964 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-гидротехник» және 2005 жылы «Әулие-Ата» университетін «қаржы бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл ет комбинатында сараптаушы болып бастаған.
1987-1991 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында кафедра ассистенті, мұғалімі, комсомол комитетінің хатшысы, 1991-2006 жылдары бизнес құрылымдарда басшы, 2006-2008 жылдары «АСАР» Республикалық партиясының Жамбыл облыстық филиалының партия хатшысы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, 2008-2010 жылдары «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы директорының орынбасары, 2010-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.
2013-2016 жылдары аралығында Меркі ауданы әкімінің қызметін
атқарған.