02.07.2016 в 19:46

Шымкент қаласының әкімі зоосаябақтың жұмысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов қаладағы зоосаябақтың жұмысымен танысып, жануарлар мен жалпы зоосаябақтың жағдайы бойынша  көшпелі жиналыс өткізді.  Жиын барысында шаһар басшысы жауапты қызмет өкілдеріне нақты тапсырмалар берді. Яғни қала тұрғындары үшін маңызы зор бұл аумақты аббаттандыру, ағаш отырғызу, саябақтағы көк шөп егілген алаңды көбейту, сонымен қатар ішкі жолдарды ретке келтіру және т.б.

Айта кетерлік жайт, соңғы уақытта қала тұрғындары тарапынан зоосаябақтың және ондағы кейбір жануарларды асырау деңгейінің төмендігіне байланысты шағымдар жиілеп кетті. Ғ.Әбдірахымовтың айтуынша, зоосаябақ – бұл қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын қуанышқа бөлейтін, шаһарымыздың мақтан тұтарлық жерлерінің бірі болуы тиіс.