03.07.2016 в 14:41

Қошқарата өзенінде тазарту жұмыстары жүргізілуде

Астананың Есілі, Алматының Есентайы, ал, Шымкенттің Қошқарата өзені бар. Қалалықтардың тұрақты демалыс аймағына айналдыруды көздеген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов демалыс аймақты аралап, өзен арнасы мен оның айналасында салынған әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, салалық бөлімдерге арнайы тапсырмалар берген еді.

Бүгінде қала басшысының тапсырмасына орай, арнайы техникамен жабдықталған жұмысшы тобы өзен арнасын қоқыс қалдықтары мен жабайы жалбыз шөптерден тазартуда.

Тазалық жұмыстарымен қатар, демалыс аймағында тұрғындар үшін қызмет етіп тұрған әлеуметтік құрылғылардың ескіргендерін алмастыру жұмыстары да жүргізілуде.