03.07.2016 в 15:03

Таразда жыл басынан бері 50 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Тараз қаласында осы жылдың  5 айында  50,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 114,0% (2015 жылы 44,0 мың шаршы метр),-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

2011-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша Тараз қаласында 162 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қайтарылған қаражат есебінен 30 көппәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік жүйелеріне жалпы сомасы 310,2 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 14 үйдің жөндеу жұмыстары қабылдау актісімен қабылданып, 127,6 млн.тенге қаражат игерілді.

Қазіргі уақытта Тараз қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерде 748 жалпы үйлік жылу қуатын есептегіш құралдар орнатылған.

2016 жылдың есепті кезенде ирригация жүйелері бойынша 6 каналдардың («Тайвань» алқабындағы дренажды канал, «Қарасу-2», «Қапал», «Сеңкібай», «Үшбұлақ», «Түйте» каналдары) 8960 метрін құрайтын 15 учаскесі және қала көшелеріндегі 15500 метр арық жүйелері мен құбыр өткелдері тазаланды.