Финалда Жұманазар Ерсұлтановпен белдескен Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін чемпионы атанды! Бейбіт осыған дейін 2012 және 2015 жылы «Қазақстан Барысы» атағына қол жеткізген болатын. Ал күміс белбеуді иеленген Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Жұманазардың еншісінде бұған дейін «Қазақстан Барысы» турнирінің қола белбеуін жеңіп алған.
Жамбыл облысының тумасы ақшалай сыйлықпен бірге Астана қаласынан бір пәтерді иеленді.
Ал үшінші орын алған жамбылдық Айбол Айтбек биыл бірінші рет жүлдеге иелік етіп отыр.
Айта кетейік, бас қаламыз Астанадағы республикалық «Сарыарқа» велотрегінде өткен додаға еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан іріктелген 34 балуан бақ сынады.
Турнирде 1-ші орын алған Ыстыбаевқа 25 000 000 теңге, алтын тайтұяқ және Астанадан бір бөлмелі пәтер берілді. Екінші орын алған Ерсұлтановқа 5 500 000 теңге, үшінші орын алған айболға 1 800 000 теңге көлемінде сыйлық табысталды.