Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев «Хибатулла Тарази» орталық мешітінде айт намазына қатысып, тұрғындарды Рамазан айының аяқталуымен, бүгінгі Айт мейрамымен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. – Қадірлі жамағат! Құрметті ағайын, бауырлар! Баршаларыңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын. Дұға-тілектеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! Жүректеріңізге иман шуағы ұялай берсін! Баршаңызға денсаулық және береке-бақ тілеймін! Қасиетті Ораза айт мерекесі әрбір шаңыраққа бейбітшілік пен мол игілік әкелсін!, - деді облыс әкімі, - Әр отбасына амандық тілеймін. Келесі Ораза айтқа аман-есен жете берейік! Бұдан кейін, Орталық мешіттің бас имамы Д. Жұмабаев жиналған жамағатқа қасиетті Ораза айының артықшылықтарын қайта еске салып, ел бірлігі мен татулығын сақтау, мұқтаж жандарға көмек көрсету жайында уағыз айтты. Сонымен қатар, жалпы айт мейрамы намаз оқумен басталатынын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз өсиетінде: «Айт күні бірінші орындайтынымыз – намаз оқу» деген. Бұл ретте айт намазын Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде-бір рет қалдырмай оқыған. Ораза айт намазының өзге намаздардан айырмашылығы – мұнда азан мен қамат айтылмайды, -деді өңірдің бас имамы.