06.07.2016 в 23:53

Шымкент қаласының әкімі қызметтік көлігін велосипедке ауыстырды

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметтік көлігін велосипедке ауыстырды. Бұған дейін қызметтік көліктен бас тартып, өз көлігін пайдаланып жүрген шаһар басшысы енді жұмысына велосипедпен қатынауды ұйғарыпты. – Қала әкімінің көлік орнына велосипедті таңдауы PR-қадам емес. Ол қала тұрғындарына үлгі көрсетіп, велосипедпен жүру тек денсаулыққа пайдалы ғана емес, сондай-ақ кептелістен оңай құтылуға болатынын да көрсеткісі келеді, – дейді әкімдік қызметкерлері.

Ал заң бойынша қызметтік көлікке бөлінетін қаржы әкімдік қызметкерлерінің сыйақы қорына аударылмақ.