«Биылғы түлектердің мектеп бітіру уақыты – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Демек, биылғы жыл еліміз үшін де, біздің түлектер үшін де маңызды әрі сәтті болады деген ойдамын. Сіздер Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшылары екендеріңізді еш уақытта естен шығармаңыздар. Себебі, Елбасымыз жастардың білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуын үнемі айтып отырады. Білім арқылы сіздер еліміздің үлгілі азаматы болады деп сенемін», - деді Ұ.Сәдібеков.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты мен Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінен 15 орыннан 30 орын бөлінсе, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 10 білім грантын тағайындаған. М.Әуезов атындағы
Айта кету керек, 2015-2016 оқу жылында облыста 199 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (28-і балалар үйлері түлектері) 11-сыныпты бітірді. Олардың 84-ы облыстағы жоғарғы оқу орындарына, 100-і колледждерде, 6-ы республиканың басқа өңірлерінде білім алуға, 9-ы жұмыс істеуге ниет білдірді. Жоғарғы оқу орындарында оқуға ниет білдірген 128 түлектің 90-ы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 50 балдан жоғары жинады.