Айта кету керек, нысанның аумағында орналасқан 5 жарықтандыру бағандары ескірген және жарамсыз болатын. Ол қараңғы түскенде балалар үйі аумағында жүру, яғни асханаға, мектепке, спорт кешеніне және т.б. қажеттіліктеріне барып келуге қолайсыздық тудыратын еді.
Балалар үйінің аумағы 4,5 га жерді қамтиді. Қазіргі таңда онда 95 бала тәрбиеленуде. Балалар үйінің аумағында жатын ғимараты, спорт кешені, мектеп, асхана, монша, кір жуатын және от жағу ғимараттары орналасқан.