Салтанат Бердиярқызы, оператор -Мен шығарып жатқан ою-өрнекті, әдемі кілемдер адамдарға қуаныш сыйлайды, көңілін көтереді. Сол үшін де мен осы жерде істеп жатқаныма қуаныштымын. Және айлығым да жақсы.
Фабрика алғашында кілем тоқуға керекті жіпті тек шетелден сатып алатын. Оның машақаты көп екен.
Қуан Ысқақов, кілем фабрикасының коммерциялық директоры -Соның арқасында біз қазір өзіміздің кілемдердің 10 пайыздан аса бағасын арзандата алдық. Бұл бір жақсы жағы. Екінші жақсы жағы бар, соның арқасында біз алуан, түрлі-түсті кілемдер шығаруға мүмкіндігіміз болды.
Фабрика өткен жылы 2,2 миллион шаршы метр кілем тоқыпты. «Биыл одан әлдеқайда көп шығарамыз», – деп отыр. Өйткені өнімдері шетелге көптеп сатыла бастаған. Орта Азия елдері, Ресейден көп тапсырыс түскен. Халықаралық компаниямен келісіп, Еуропа елдерінде де саудалап жатыр. Әрине сапасы жоғары болған соң. Ол жақтағы тұтынушылары қазақтың оюы басылған кілемдеріне қызығатын көрінеді,-деп жазады khabar.kz.
Талғат Ысқақов, кілем фабрикасының бас директоры -Қазақтың әр оюында мағына бар. Сол қазақы ою-өрнекті пайдаланып, «Қазақ кілемдері» деген бренд жасағымыз бар. Оны тек өз елімізде емес, әлемге таныту.
Кілем фабрикасы былтыр «Алтын сапа» байқауында қатысып, «Халық тұтынатын тауар» аталымы бойынша екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жұмысты ұтымды ұйымдастыра білгеннен. Ал осы жартыжылдықта ең үздік салық төлеуші кәсіпорын атанғаны тағы бар.