Осындай ел игілігін арттыруды көздеген жиынға Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің өкілі Ғ.Әлайдаров, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жауапты қызметкерлері С.Ихсатова және Г.Жағнаева қатысып, жас түлектерге институттың мүмкіндіктері мен мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер жөнінде кеңінен хабарлама жасап, қазіргі таңда оңтүстік аймақтағы жастар тарапынан сұраныстың артып отырғанын жеткізді.
Осылайша кездесуге қатысқан ата-аналар мен түлектер сала мамандарына сауалдарын жолдап, аталған аймақтарда білімдерін жетілдіруге ниетті екендіктерін білдірді.
Айта кетейік, Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша грант иегері атану үшін Сіз Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының ауыл тұрғыны болуыңыз шарт. Себебі, бұл өңірлерде туу көрсеткіші жоғары әрі кадр тапшылығы жоқ. Сол себепті, аталған өңірлер таңдалған. «Серпін-2050» жобасы бойынша грант иегері болу үшін оқу орындары мен мамандықтарды таңдау маңызды. Егер Сіз жоғары оқу орынына түскіңіз келсе Ұлттық бірыңғай тестілеуден немесе Кешенді тестлеуден ең төменгі шектік ұпайдан кем болмайтындай ұпай жинауыңыз қажет. Ал, колледждер үшін ҰБТ немесе кешенді тестлеуге қатысудың қажеті жоқ. Бірақ, таңдаған колледжіңіздің емтиханына қатысуға міндеттісіз. «Серпін-2050» жобасына тәуекелшіл, өзгерістерден жасқанбайтын, белсенді, өнерлі, білімге құмар, өзге өңірлерде оқып, қажет болса сол өңірлерде қалып жұмыс істеуге бел байлаған жастардың қатысуын құп санайды.