«Ауданымыздың экологиясының тазалығын ескеріп, біздің өнімдердің де сондай таза екенін көруге болады. Біз тапсырысқа сай өнімдерді кезегімен дайындап отырамыз. Мәселен, бүгін ірімшік дайындасақ, ертең сүзбе ірімшігін, ал арғы күні сары май дайындаймыз. Барлық тауарларымыз мемлекеттік стандартқа сай сертификатталған. Әр квартал сайын санитарлық нормалардан да өтеміз. «СМТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шығаратын өнімдері тек қана ауданымызда емес, облыс пен республиканың басқа аймақтарында да кең таралған өнім
Жергілікті халықтан таза сүтті қабылдап, одан сары май, ірімшіктің бірнеше түрін өндіретін, және алкоголсіз «Дюшес», «Буратино», «Квас» сынды сусындарды шығаратын бұл мекемеде 15 жұмысшы қызмет етеді. Олардың орташа айлық жалақысы 35 мың теңгені құрайды