20.07.2016 в 16:11

ОҚО Ішкі саясат басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды

ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Төлегеннің 19 шілдедегі №53 бұйрығы бойынша аталған басқармаға басшының орынбасары қызметіне меритократия қағидасымен Ахымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы тағайындалды.

Ахымбетов Бақыт Сәрсенбайұлы 1977 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист, заңгер.

Еңбек жолын 2001-2004 жылдары облыстық мәдениет және жастар ісі жөніндегі басқармасының бас маманы болып бастаған.

2004-2010 жылдары облыстық жастар ісі және ішкі саясат жөніндегі департаменті жастар ісі жөніндегі бөлімінің басшысы, облыстық ішкі саясат департаменті талдау және мониторинг бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2010-2012 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2012-2016 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылдың наурыз айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы болып қызмет етіп келді.