«Қазіргі таңда бұрынғы жүйе жаңарып, шаруалар жаңадан қалыптасқан жүйе бойынша жанар-жағармай алуда. Бізде бұл жұмыстарға қосымша, облыстық кәсіпкерлік басқармасымен бірлесу арқылы, облыстық жанар-жағармай қауымдастығымен және облыстық кәсіпкерлік палатасымен арнайы мониторинг жүргізіліп жатыр. Егер қандай да бір олқылық орын алған жағдайда арнайы құрылған жұмысшы тобымен тиісті шаралар қабылдайтын боламыз», - деді С.Тұяқбаев.
Еске салайық, биыл ауыл шаруашылы саласының орақ ору науқанын жүргізу үшін Үкіметтен 39 мың тонна
Баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары бұл салада өңір бойынша 17 оператордың бар екенін хабарлады. Әр ауданда бір оператордан болса, Мақтарал мен Сарыағаш аудандарында екі оператордан бар екен. Арзандатылған жанар-жағармайлар облыстағы 56 жанармай бекеті бойынша таратылуда. Егер де, шаруа сұйық отынды қоймадан алатын болса 83 теңгеден, ал жанармай бекетінен алса 85 теңге ала алады. Ал жалпы арзандатылған отынның нарықтағы бағасы 99 теңге.