Қатерлі дертке шалдыққан және жол апатына түскен жандарға үміт сыйлау, оларға қолдау көрсету, қамқорлық таныту қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Ахмет Татыбаев мекеме қызметкерлерін бастап барды. Абай ауданы әкімдігінің 58 қызметкерлері жалпы 26 литр қан тапсырды.
«Бір адамның өмірін құтқару, бүкіл адамзаттың өмірін құтқарумен тең» деген. Ал «бір адамның өліміне себепкер болу, бүкіл адамзатты өлтірумен тең» дейді. Осы қағидаға сүйене отырып әкімшілік қызметкерлері өз азаматтық борышымыз деп есептейтін жылдағы үрдіс бойынша келесі жылыда донор болуға дайын екендіктерін көрсетуде.