Интенсивті алма бағын ауданда алғашқылардың бірі болып еккен Совет Қалманбетов. Еңбеккер өткен жылдан бастап 20- гектар жерге алманың 3-сортын екті. Түрік технологиясы бойынша өсіріліп жатқан алмалардың бойы аласа болып келеді. Бірақ, соған қарамастан өнімді де көп береді. Бұл 20-гектар жерде қазір 50 000 – түп тал егілген. Тұрақты түрде 20 – 30 адам жұмыспен қамтылған. Олардың ішінде осы салада бірнеше жыл жұмыс істеп жүрген жандар бар.
Вайда Тутадзе, жұмысшы /Алма егу ісімен 20- жылдан астам уақыт айналысып келеміз. Бұрын осы маңда көптеген алма бақтары болатын. Бір кездері жойылып кетті. Қазір қайтадан қолға алғаны дұрыс болды. Еңбек етіп жатырмыз/
Совет Қалманбетов, «Совет» ШҚ жетекшісі /Тамшылатып суару жүйесінің тиімділігі зор. Бұл арқылы тек суғарып қана қоймаймыз. Дәрі де бере береміз. Оның үстіне алманың түбіне су тамып тұрған жақсы, арықпен аққаннан көрі/
Совет Қалманбетовтың интенсивті алма бақ егу жұмыстарын қолға алғандығы үшін мемлекет оған үлкен көмек берді. Мәселен: тамшылатып суару жүйесін орнатқандығы үшін, сапалы алманың көшетін, алғандығы үшін, тіпті алма бағына мынадай алып тіреулер орнатқандығы үшін де мемлекеттен субсидия беріледі. Бұл біле білген адамға үлкен көмек дейді еңбеккер. Осындай жағдай жасалғаннан кейін біз еш алаңдамай тірлігімізді істей береміз дейді олар.