Анна Макарова, аға бақылаушы -Шыны бөтелке түбінің қалыңдығы 3 миллиметрден кем болмауы тиіс. Енді қабырғасының қалыңдығын тексеріп көреміз. Ол 1,2 миллиметрден жұқа болмауы керек. Біз әр жарты сағат сайын шығып жатқан ыдыстың арасынан 14-ін алып, осылай тексеріп отырамыз.
Мұнда жақында ғана екінші шыны балқытатын пеш іске қосылып, жылына 210 миллион дана шыны ыдыс шығара алатын болды. Өндіріс үш есеге артты. Ал нарықтағы бәсеке өндіріс шығынын азайтуға итермелейді. Сол себепті зауыт жеңіл шыны ыдыс шығаратын технологияны іске қосыпты.
Рустам Сухов, кәсіпорынның бас директоры -Бұл – ең жаңа технология. Қазақстанда мұны бізден басқа ешкім қолданып жатқан жоқ. Шыны бөтелкенің салмағы 15-20 пайызға жеіл болады. Есесіне бағасы да соншаға арзандайды. Біз жеңіл бөтелкелерді ірі сыра компанияларына сатып жатырмыз.
Зауыт шыныдан ыдыстың бірнеше түрін шығарып жатыр. Алдағы уақытта медициналық құтыларды да тұтынушысына ұсынбақ ниеттері бар. Қазіргі шығарып жатқан өнімінің біраз бөлігін шетелге сатады. Әрине бәсекеге төтеп бере алған соң.
Альберт Ли, кәсіпорынның өндіріс жөніндегі директоры -Шыны өндірісіне керекті негізгі шикізат – кварц құмы. Біз оны Қызылорда облысынан аламыз. Шикізат өзіміздікі болған соң, өніміміз сырттан тасылатындарға қарағанда әлдеқайда арзан. Кәсіпорынның жеңіл шыны ыдысын алғысы бар компаниялардан келісімшарт жасауға ұсыныс түсіпті,-деп жазады khabar.kz.