24.07.2016 в 22:56

Шымкентте ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 9 бизнес жоспар әзірленуде

Бүгінгі таңда ел аумағында ғана емес, Орта Азиядағы аграрлық азық-түлік белдеуіне ие болып табылатын Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндігін арттыруға қабілетті.

Қалада бүгінгі таңда өндірілген 44,8 мың тонна сүт өнімдері қала халқының 47 пайызын қамтуға жеткілікті. Сондай-ақ, 8,4 мың тоннаны құрайтын еттің қамту көрсеткіші 22 пайызға тең. Көкөніспен қамту деңгейі 67 пайызға жетті. Қаланың ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында қалада жыл сайын жоғары және колледж оқу орындарында 700-ден астам маман даярланады.

Мәселен өткен жылы жалпы егістікке – 463,8  миллион теңге субсидия берілген. Нәтижесінде, жаңа үлгідегі өнеркәсіптік жылыжайлар көлемі 23 гектарға артып, 131,1 гектарға жеткен. Сондай-ақ, аталмыш салаға салынған инвестиция 292,5 миллион теңгені құрады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында жалпы құны 6,2 миллиард теңгені құрайтын 9 бизнес жоспар әзірленуде.