Тағы бір айта кететін жайт қаладағы жүргізіліп жатқан жол құрылысында қолданылатын құрылыс материалдардың барлығы да отандық өнім. Асфальт, қиыршық тас, битум облысымызда өндіріледі. Битуммен «Газпромнефть» мекемесі қамтып отыр. Ал «Түркістанжолсервис», «Береке-А» корпорациясы, «Отаустрой», «Ситистрой», «Достықспецстрой» ЖШС-рі шикізат өндіріп, оны құрылыста қолданады. ОҚО-да 10-нан астам асфальт зауыты бар. «Шымкентдорстрой» мекемесінің де өз асфальт зауыты жұмыс істейді. Шикізат және материалдық техникалық база жағынан жақсы жасақталған.