Шымкентте алғаш рет Қазақстан Президентінің кубогі үшін халықаралық турнир өтеді. Бүгінде жауапты мамандар Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін жасөспірімдер арасында өтетін халықаралық футбол турниріне ( U17 ) дайындықты бастап кетті.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған спорттық жарыстың өз деңгейінде өткізілуі өңір басшысының жіті бақылауында екенін айта кеткен жөн.
Сонымен, 7-13 тамыз аралығында өтетін халықаралық турнирге 8 команда қатысатын болады. Турнирде Қазақстаннан екі команда және Иран, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Албания мен Тәжікстаннан бір-бір командадан келеді деп күтілуде.
Еске салайық, ел Президентінің кубогі үшін соңғы тоғыз жылдан бері өткізіліп келе жатқан жарыс бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында ұйымдастырылып келеді.