25.07.2016 в 16:47

«Шымкент-Сити» құрылысына америкалық кәсіпкер инвестиция салмақ

Ірі америкалық компания «Шымкент-Сити» құрылысына инвестиция тартуға көмектеседі. Мұндай келісімге Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен «АЕСОМ» компаниясының аймақтағы директоры Марина Костанян ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою барысында қол жеткізілді.

Екі тарап қалада салынып жатқан «Шымкент-Сити» ауқымды жобасына ірі құрылыс компаниясының қатысуы туралы келісті. Айта кету керек, «АЕСОМ» — сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорациялары арасындағы Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.

«АЕСОМ» жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-Ситиді» атап өтуге болады. Қазақстан — «АЕСОМ» компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттерінің ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.