Қос тарап «ақылды қала» технологиясын дамыту және мегаполисті тұрақты дамыту бағыттары бойынша әріптестік орнатпақ.
Айта кетейік, Садик Хан 2016 жылдың 9 мамыры күні Лондон қаласының мэрі болып сайланған. Ол өз әріптестері арасында еңбекқорлық және дипломатиялық қасиетімен танымал.
Бүгінде Лондон – 8,6 миллионнан астам халқы бар әлемдегі ең үлкен мегополистердің бірі. Шаһар жаһандық қаржы орталығы атағы үшін Нью-Йорк қаласымен бәсекеге түсуде. Сонымен қатар, Британия астанасы туризм арқылы жылына 200 млрд доллар пайда табады.