Аталған Қапланбек шарап зауыты өзінің шарап сақтайтын қоймаларымен бүкіл елге әйгілі. Мәселен, қоймадағы үлкен бөшкелердің әрқайсысында 1 мың литрден аса шарап сақтаулы.
Мамандардың айтуынша, шарап түріне байланысты бір жылдан бірнеше жылға дейін бөшкелерде сақталады. Неғұрлым көп сақталған шараптың бағасы да солғұрлым жоғары болады. Дәл қазір бұл қоймада 1 миллион декалитр шарап бар. Әр шараптың сақталу уақыты түрлі болғандықтан, олар әр цехта бөлек бөлек сақталады. Сақтауға келмейтін шараптар да бар. Олар әзірлене салып бөтелкеге құйылып, сатылымға шығарылады. Ал маркалы шараптар
Айта кетейік, бүгінде «Қапланбек» шарап зауыты қайта жанданып іске өткен жылы қосылған болатын. Өндіріс орны күніне 40 тоннадан астам өнім шығарады. Мұнда шараптың 9 түрі ашытылады. Яғни, «Қапланбек», «Жібек жолы», «Ркацители», «Тамада», «Талас», «Портвейн», «Кагор», «Саперави», «Херис» сынды жаңа атаулармен нарыққа шығады.
Қапланбек шарап зауытының жаңа өнімдерінің сапасы жағынан да, дәмі мен иісі жағынан да өте жоғары. Сондықтан бұл өнімдерге Алматы, Астана, Атырау қалалары мен Ресей мемлекетінен сұраныстар келіп түсуде.