Сейсможаңғырту жұмыстары басталған үйлердің бірі Асанбай Асқаров көшесіндегі көне ғимараттардың біріне жатады. Іргетасы 1973 жылы қаланған. Содан бері жөнделмепті. Соңғы жылдары үйдің қабырғалары біршама сөгіліп, тұрғындарды үрей билеген. Қазіргі таңда қаржы бөлініп, екі қабатты ғимарат құрсаулары бекітілмек, -деп хабарлады otyrar.kz.
Үй қабырғасын жаңартып жатқан 15 азамат ескі сылақты сыпырып тастайды. Сосын жобада бекітілгендей тор тартылып, қайта сыланады. Шатыры алмастырылып, үй ішіндегі пәтерлер де 30 пайыз қайта жөндеуден өтетін болады.
Жоспар бойынша Абай ауданына қарасты Темірлан тас жолындағы №29 және Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 23 А үйлерде да тап осындай жұмыстар атқарылады.