Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімімен жас кәсіпкерлер арасында «Innovation» байқауы өткізілді.Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету жобасы 2016 жылдың 15 шілде айында бастау алды. Жалпы 82 өтінім беріліп, осы уақыт аралығында комиссия жобаларды қарап, оның ішінде ең үздік 10 жоба іріктеді. Ұсынылған жобалардың негізгі бағыттары - ІT технология, өндіріс, білім және жұмыспен қамту. Байқауға қатысушылар ең үздік бизнес-жоба үшін грант ұтып алды. «Innovation» стартап жобалар байқауы оң қадам танытып, бастауыш кәсіпкерлердің назарын аударды. Жоба «Шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық даму-2020» Концепциясы аясында жүзеге асырылуда.