Қырық жылдан бері жөндеу көрмеген «Айжан» балабақшасы бүгінде түбегейлі жаңартылуда. Құрылысы қарқын алған ғимараттың күннен күнге құлпыруы мекеме меңгерушісінде қуантып отыр. Ал «Еркін» бөбекжайын жөндеуге қазынадан 147 млн теңге бөлінген. Мердігер компанияның жұмысшылары ғимараттың терезелері мен кәріз жүйесін жаңалап жатыр. Сондай-ақ, ауланың абаттандырылуы да жобаға енгізілген.
Күрделі жөнделіп жатқан балабақшаның үшеуі қала қазынасынан қаржыландырып отыр. Жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сатып алу өтем дегенше уақытта зымырай шыққан. Тиісінше, құрылыс жұмыстары да кеш басталып отыр. Десе де, қаржының кешеуілдеуі мердігер компания құрылысшыларына кедергі бола алмайды. Айтуларынша, жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтап, балдырғандарға қуаныш сыйлауға дайын