Жамбыл облысының нарығына қара уылдырықтың алғашқы топтамасы 100 келі мөлшерінде 2017 жылы түсетін болады, - деп хабарлайды «Zhambylnews» ақпараттық агенттігінің тілшісі. Жеңсік астың басты өндірушісі – «ЛКЗ» ЖШС-і.
«ЛКЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Халит Базаралиевтің айтуынша 6 жылдан соң бекіре уылдырығының жылдық мөлшері 7-8 тоннаға дейін жететін болады.
Айта кетейік, 27, 8 мың шыршы шақырым аумақта орналасқан «ЛКЗ» ЖШС-і көп салалы жәнеқалдықсыз өнім өндіретін өндіріс орны болып табылады. Сондай-ақ мұнда асыл тұқымды жылқы өндірісі, шошқа және өсімдік өсіру қолға алынған.