Шуақты өлкеге келген қонақтарды қарсы алған өңір басшысы тауар өндірушілер мен делегаттардың қатысуымен жиын өткізді.
Онда облыс әкімі аймақ арасындағы сауда-саттық пен өңіраралық кооперацияны дамыту туралы сөз қозғап, кәсіпорындарға сауда нарығын іздестіруге қол үшін беру басты мақсат екенін жеткізді,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Павлодар облысы – республикамыздың ең маңызды облыстарының бірі. Ірі және орта кәсіпорындарға толы өңірге береріміз және одан аларымыз мол. Оңтүстікке жасаған сапарларыңызға үлкен алғысымды білдіре отырып, бүгінгі іс-шара екі өңірдің даму тұрғысында пайдасы мол боларына сенемін»,-деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірдің экономикасы тез дамып келе жатқанына тоқталып, өнеркәсіп өндірісі бойынша көш ілгері екенін және фармацевтика мен тоқыма кластері қалыптасып
Кездесуде екі жаққа да тиімді өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық салаларында ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылды.
Ресми сапарда ауылшаруашылық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері бар 20-дан астам делегаттар туристтерге «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететін «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығының жұмысымен танысты.