30.07.2016 в 21:31

Жамбылдық спортшы Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

2016 жылдың 18-24 шілде аралығында  Самсун (Түркия) қаласында құлағы нашар еститін мүгедек-спортшылар арасында дзюдо күресінен Әлем чемпионаты өткен болатын. Аталған чемпионатқа қатысқан  «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» спортшысы жамбылдық Түгелбаев Айдос 66 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды.   Айта кетейік, Әлем чемпионаты 400-ге жуық спортшы қатысты.

Сонымен қатар,  17-24 шілде аралығында Суботица (Сербия) қаласында бокстан жастар арасында ХХХІV Халықаралық Golden Glove of Vojvodina турниріне қатысқан жамбылдық екі спортшы жүлдемен оралды.

Жарысқа 12 мемлекеттен барлығы 100-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан Ұлттық құрама командасының сапында Жамбыл облысының 2 спортшысы қатысып, нәтижесінде 91 кг салмақ дәрежесінде Тайбағар Мұхамеджан (жаттықтырушысы М.Оспанов) І орын, 75 кг салмақ дәрежесінде Қазанғапов Аман (жаттықтырушысы Н.Сейдалиев) ІІ орын иеленді.