30.07.2016 в 21:56

Жамбылда 122 адам сапа менеджменті  бойынша біліктілігін арттырды

Бұл туралы Жамбыл облысындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ИжДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Сатыбалдин Меирхан мәлім етті.

Оның айтуынша, еліміздегі «Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шара жоспары аясында техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша облыстың бизнес-қауымы мен мемлекеттік органдардың 95-тен аса өкілдеріне оқу-семинарлар өткізіліп, сертификаттар табысталған.  Ал «Сапа менеджменті және техникалық реттеу, метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және көтеру  бойынша металлургия, агрохимия және азы-түлік саласы бойынша жалпы 122 адамға оқу семинарлар өткізіліп, сертификаттар берілген. Сондай-ақ, 11 кәсіпорында техникалық реттеу сұрақтары бойынша кездесулер ұйымдастырылып, консультативті көмектер көрсетілген.

«Стандарттау жөніндегі нормативті құжаттарды алдын ала көру мүмкіндігімен Интернет-магазин жұмыс істейді. Қазіргі таңда тіркелген қолданушылардың саны 3036 құрайды.  Сонымен қатар, «ҚазСтИн» РМК - «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының 20 бап 2 тармағына сәйкес, стандарттау жөніндегі нормативті құжаттардың ресми басылымдарын тарататын жалғыз өңір болып табылады»,-деді спикер.