Онда басқарма басшысы күнгей спортшыларының дайындығы туралы баяндап, бірқатар сайыпқырандарымыздың кейбір спорт түрлері бойынша Латын Америкасында дайындығын пысықтап жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол өзі бастаған делегациямен 2 тамыз күні жолға шығатынын жеткізді.
Өз кезегінде, облыс әкімі байрақты бәсекеде спортшыларымыздың жұлдызы жанатынына сенім білдіріп, жерлестерімізге сәттілік тіледі.
Айта кеткен жөн, Риода өтетін жазғы олимпиада ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының атынан 21 спортшы сынға түсетін болады. Ал Олимпиадалық аренаға алғашқы болып дзюдошыларымыз шығады деп күтілуде.