Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуды мақсат тұтқан акция соңғы сегіз жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
«Осы 8 жыл ішінде республика бойынша 2 млн.-нан астам балаға жалпы сомасы 10 млрд. теңгеге
Биыл да жылдағы дәстүр жалғасатынын айтқан бөлім басшысы акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды өткізу ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Ол үшін қоғам қайраткерлерінің, бизнес өкілдерінің қатысуымен «Балаларға бірге көмек берейік!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: Балаларды мектепке дайындаймыз!» атты қайырымдылық акцияларын, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған балаларға естелік сыйлықтар таратып, мереке өткізу, аз қамтамасыз етілген отбасыларға балаларын мектепке дайындау үшін ірі сауда орталықтарында мектепке қажетті заттарды, оқу құралдарын қабылдауға арналған контейнерлер орнату арқылы «Мейірімді жүрек» акциясын өткізу жоспарда бар.
Айта кеткен жөн, барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, іскер азаматтар, белсенді топтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен аудандық, қалалық білім бөлімдері, мектеп басшыларын және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін атсалысуға шақырылып отырған шараға Сіз де қатыса аласыз. Ол үшін алдағы екі ай көлемінде 24-75-25 сенім телефоны жұмыс істейтін болады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.