02.08.2016 в 21:05

Оңтүстікқазақстандық делегация Австрияда жұмыс сапарымен жүр

Тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының Австрия Республикасына іс-сапары басталды.

Жұмыс сапары шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының мүшелері аталған елдегі дәнекерлік электродтар шығаратын Voestalpine Böhler Welding зауытын, Ласницхёэ оңалту орталығын және Andritz AG су электр стансасын тамашалады. Сонымен қатар, оңтүстікқазақстандық делегация Штирия Федеральді жерінің ресми және іскерлік топтарының өкілдерімен кездесу өткізді.

ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев пен «Ontustik Tourism Center» ақпараттық орталығы директорының міндетін атқарушы Ж.Төлебеков Австрия тарапына Оңтүстік Қазақстан облысының туристік мүмкіндіктерін таныстырса, Штирия кәсіпорын иелері және туризм бірлестігінің өкілдерімен өзара ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Айта кететін тағы бір жайт, оңтүстікқазақстандық делегацияның Автрияға сапары кезінде бүгін ондағы әлемге әйгілі веналық Ringenstrasser галереясында «Оңтүстік» көркем сурет көрмесі өз жұмысын бастады.

Австрия Республикасы – Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 83,9 мың км2. Халқы 8,3 млн. Астанасы – Вена қаласы Әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады. Халқының 98%-ы австриялықтар, дінге сенушілердің 84%-ы католиктер. Мемлекеттік тіл – неміс тілі. Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент. Мемлекет басшысы – федералдық президент.

Австрия – таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері – Биік Тауэрн жотасындағы Грос-Глокнер шыңы (3997 м). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, темір кентасы, магнезит, графит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоңыржай, шығысында континенттік болып келеді.