Орта жөндеу жұмыстары Шарбұлақ ауылында да жүргізілуде. Асфальт төселіп жатқан Әшіров пен Төлеев көшелерінің жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайды.
Жолдарды реттеу жұмыстары жыл соңына дейін жалғаса бермек. Мәселен, алдағы қазан-қараша айларында ауданның 1 мамыр – Аққұм елді мекендерін жалғайтын 10,1 шақырым жол мен «Ақбура» бұлақ көзіне баратын 4,9 шақырым және Аманкелді елді мекеніне баратын 16,4 шақырым жолдарға қайта құру, күрделі және орта жөндеу жұмыстары басталғалы тұр. «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының
Айта кеткен жөн, 2012-2015 жылдар аралығында Қазығұртта облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шақырымы жөнделді.
Аудан аумағындағы жалпы жолдар 664,1 шақырымды құраса, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 49 шақырымды, облыстық маңызы бар жолдар 278 шақырымды, аудандық маңызы бар жолдар 337,1 шақырымды құрайды.