Әуелі, қала әкімдігінің бастамасын жүзеге асып отырған ұялы телефондағы «Whatsapp» бағдарламасы бойынша 6 ай ішінде 1665 өтініш келіп түскен. Оның 1588-не жауап қайтарылды және 35 қаралу үстінде, сонымен қатар 42 өтініш қарастырылмады.
Ал, Шымкент қаласы әкімдігініңwww.shymkent.gov.kz ресми сайтының виртуалды қабылдау бөліміне 181 өтініш келіп түсті. Оның 169 дер кезінде жауап беріліп, 12 өтініш қаралу үстінде. Сондай-ақ ресми сайттың info@shymkent.gov.kz электронды почтасына жыл басынан 203 хат келіп түскен. Оның 176 хатына дер кезінде жауап беріліп, 9 хат қаралу үстінде. Ал, 18 хат Шымкент қаласына қатысты болмағандықтан қараусыз қалдырылды.
Айта кетерлігі, қала әкімінің тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Instagram-Direct» қызметі бойынша күн сайын тұрғындардың өтініштеріне уақытылы жауап қайтарылуда. Мәселен, Instagram әлеуметтік жүйесіндегі @akimat.shymkent парақшасының «Direct» қызметіне үстіміздегі жылдың 19-шы мамырынан бері (инстаграмның жұмыс істей бастаған уақыты)300-ден аса өтініш келіп түсті. Оның 90 пайызы қаланы абаттандыру және коммуналды сұрақтар болып табылады.