Мәдени саяхат осы уақытқа дейін Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларында жалғасын тапқан болатын. Тың жобаға қызығушылық танытқандар қатары көп болды. Қазіргі кезде өзге де қалалардағы өнерсүйер көрермен мәдени турдың басқа өңірлерде жалғасуына өтініш білдіруде.
Мәдени саяхаттың бір маңызды тұсы –Қазақстан Республикасының брендіне айналған «Алтын адам» жәдігері барлық облыстар мен қалаларды аралайды. Ауқымды турдың басты ерекшелігі - тек музей төрінде ғана тұратын бағалы мұрамен өзге өңір тұрғындарының да жақынырақ танысып, түсініп, зерделеуіне жол ашу.
«Әлемге танымал «Алтын адам» артефактісі музейдің бетке ұстар жәдігері болатынына күмәнданбаймын»,- деген болатын Елбасы Н.Назарбаев. Алтын адам – Қазақстанның ең құнды жәдігері, елдігіміздің басты символы.
Іс-шара барысында көрермен қауым назарына «Ұлттық музейге саяхат» атты бейнеролик ұсынылды. Шараға
Қазақ елін әлемге әйгілі еткен Есік қорымынан табылған 4000-нан астам алтын әшекейлерден құралған «Алтын адам» тарихымыздың мақтанышы, баға жетпес мұрамыз.
Алтын адам үш бөліктен тұрады: бас киімі, кеуде киімі, төменгі бөлігі. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилінде» жасалған. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, камзолы құрастырмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға үқсас бейнелер 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар-ақинақ бар. Шалбар балағыда алтын тоғалармен әшекейленген.