Бұл ретте, Каринтия Үкіметінің үлкен жоспарын айта кеткен жөн. Мәселен, аймақ басшылары 2035 жылға дейін дәстүрлі энергия көздерінен бас тартып, толық «жасыл» энергия көздеріне өтуді көздеуде.
Бас қосу соңында тараптар өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Питер Кайзер мырзаға екі-жақты ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандум түзуге ниетті екенін жеткізсе, Каринтия басшысы, өз кезегінде, аталған құжаттың тиісті заңнамалық процедураларын жақын арада өткізіп, бекітуге жіберетініне сөз берді. Сондай-ақ, П.Кайзер мырза ОҚО әкімі Б.Атамқұловты Фельден қаласында 29 қыркүйекте өтетін Халықаралық экономикалық форумның құрметті қонағы болуға шақырды.
Естеріңізге сала кетсек, ОҚО делегациясының Аустрияға іс-сапары осы жылдың 1 тамызында басталды. Осы
Бұдан бөлек, Аустрияда «Оңтүстік» көркем сурет көрмесі өткізілді. Сондай-ақ, «Villacherkirchtag» фестивалі шеңберінде ОҚО өнер майталмандары аустриялық көрермен назарына қазақтың мәдени құндылықтарын паш етуде.