Онда жұртты ынтымаққа шақырып, әрбір істі байыппен қарап, татулықты көксейтін медиация заңының орындалуы сөз болды. Бүгінде облыс аумағында 106 медиация кабинеті жұмыс істеп тұр. Бұларда кәсіби деңгейі биік 43 медиатор қызмет атқаруда. Олар түрлі даулы мәселенің оң шешімін табуына ықпал етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері медиация қызметі тараптардың дер кезінде бір шешімге келіп, елді ынтымаққа бастайтын жетекші институт болатынына сенімді.
Хасан Бациев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі: - Екі жақты да бір межеге келтіріп, ортасында достықты, ағайынгершілікті, басқа да жағдайларды, өздерінің жүргізіп жатқан бизнесі болса, оны да сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Сондықтан медиацияның негізгі мақсаты – бітімгершілік. Қоғам болғаннан кейін, адамдардың арасы болғаннан кейін, ұлттардың арасы болғаннан кейін қоғамда кемшіліктер болып тұрады. Соны шешудің тиімді әдісі ретінде пайдалануымыз керек.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Медиация, медиаторлық қызмет, оның ішінде өмірде болып отырған кейбір келеңсіз құбылыстарға орынсыз этностық сипат бермеу. Сотқа жібермей шешуге болатын нәрселерді шешу. Келісімге келтіру, кешірімге келтіру жөнінде Ассамблея мүшелерінің атқаратын жұмысы көп екені айтылды. Осы қуантады.