Кеше ОҚО әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ-де «Әлеуметтік желінің артықшылықтары мен кемшіліктері о
Әлеуметтік желінің жастар арасында кеңінен таралып, маңызды рөл алуына байланысты мемлекеттік мекемелерде жаңалықтар мен хабарландырулардың жедел жетуін және ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіру, артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіру, оны тиімді пайдалану жолдарын насихаттауды мақсат тұтқан басқосуда ақпараттар ағыны тасқындаған заманда әрбір әлеуметтік желіні қолданушы қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керектігі айтылды.
Одан бөлек, «Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желіде ақпарат тарату белсенділігінің рейтингін құру» тақырыбында және klout сайты туралы белгілі блогер, ОҚО Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі
Айта кету керек, жыл басынан бері, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі 22 жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен 5 аудан, қала орталықтарында жастарға арнап «Әлеуметтік желінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Оны тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында семинар-тренингтер өткізді. Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.